2024-09-22

ҮШІНШІ МӘРТЕ 42500 ТЕҢГЕ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Шілде айындағы карантин режимінің күшеюіне байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрі 42500 теңгенің кімдерге төленетінін айтты. Бұл жерде 3 категорияға бөле қарастырылады.

1) Карантин кезінде табысын айырылған кәсіпкерлерге

2) Жалдамалы қызметкерлерге

3) Өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар үшін.

Соған сәйкес, 17 шілдеден бастап өтініштерді қабылдау egov.kz, 42500enbek.kz және телеграмм-боттар арқылы жүзеге асады. Оған дейін өтініш беріп, әуре болудың қажеті жоқ.

Табысынан айырылған кәсіпкерлердің, жұмыс орындардың карантинде табысынан айырылып, тоқталғанын арнайы аудан, қаладағы мамандар және Атамекен кәсіпкерлер палатасы арқылы тексеріледі. Егер, жұмысы тоқтатқаны расталса, оларға 42500 теңге төленеді.

Ал, жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді жұмыс беруші ғана жібере алады. Алдағы жұмаға дейін өз жұмыскерлерінің құжаттарын жинап дайындау беруге болады. Оның ішінде ЖСН, телефон нөмірлері, есептік шот нөмірлері жатады. Ал, жұмыскерлер бұл жерде өзінің жұмыс берушісі өтініш тастағанын порталдан ЖСН (ИИН) жазу арқылы тексеруге мүмкіндік бар.

Өз-өзін жұмыспен қамтушыларға қатысты ешқандай бір реттік әлеуметтік төлемдер (ЭЦП) төлеудің қажеті жоқтығы айтылды. Осыған дейін бір мәрте төленіп қойса, болғаны. Төлегені туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өздері тексеретінін айтты.

Осыған дейін де 42500 теңге алғандар қайтадан өтініш тастауы керек. Өйткені, дәл қазір өңірлердегі жағдай әртүрлі. Төтенше жағдай кезіндегідей барлығы да жұмыссыз деуге келмейді. Бірінде жұмыс басталып, бірінде қайтадан тоқталып жатыр.

Ә.Әбдіқұлұлы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика