2024-09-22

Балаларға абай болыңыздар!

Елімізде жыл сайын жылдың жылы мезгілдерінің басталысымен балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлау себептерінен жарақат алу және мерт болу жағдайлары жиі тіркеледі. Сол себепті, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың және жасөспірімдердің құлау фактілерін алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жиі өткізеді.

Осындай іс-шаралардың бірі Шымкент қаласы Д.Қонаев гүлзары бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Қазақстан Коммунистік партиясының өкілдері де қатысты. Іс-шара барысында ата-аналардың назарын қайғылы жағдайлардың негізгі себептеріне аударды: терезелерге қорғаныш бекіткіштерін қондырмау, ересектердің алаңғасарлығы мен балалардың бақылаусыз қалуы.

Мәселен, статистикаға сай, 2019 жылдың ағымдағы кезеңде Шымкент қаласы бойынша балалардың терезелерден құлауының 1 оқиға тіркеліп, жас бала көпқабатт ыүйдің 8 қабатынан құлап, қайтыс болған.  Биылғы жылы да қалада 1 оқиға тіркеліп, жас бала аман қалды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және балалар мен жасөспірімдердің терезеден құлау фактілерін алдын алу мақсатында Шымкент қаласы  Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

> Егер үйде бала болса, терезені ешқашан да ашық қалдырмаңыз! Сіз оның қасында болып көрінгеніңізбен, сіз алшақтап кеткен бір секундтың өзі балаңыздың өміріндегі соңғы болуы мүмкін.

> Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Баланы ешқашан да қараусыз тастамаңыз! Құлаудың көптеген жағдайлары ата-аналар балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде орын алады.

> Москитті торларға ешқашан сенім артпаңыз! Олар құлап кетуден сақтау үшін арналмаған. Керісінше, москитті тор қайғылы оқиғаға әкеледі, себебі бала өзін оның артында қауіпсізбін деп сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар көбінесе осы торлармен бірге құлап кетеді.

> Бала терезе алды ағашына мініп кетпеуі үшін, барлық жиһаздарды терезеден алыс қойыңыз!

> Бала терезені өз бетімен ашып алмауы үшін терезеге блокираторлар орнатыңыз! Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны жақсылап бекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақандарыңызды құрғақ қылып ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

> Балаға өз бетімен терезені бірнеше дюймға ғана ашуға мүмкіншілік беретін арнайы бекіткіштер қойыңыз.

> Терезе торларын орнату арқылы, терезені қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден сақтайды.

Ата-аналар! ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР, балаларыңыздың өмірі, денсаулығы мен тағдыры үшін бірінші кезекте СІЗДЕР жауапты боласыздар!

Нұркен Кеутаев

Шымкент қ.ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғаныс саласында бақылау басқармасының бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика