ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар.

Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 түп көшет өсірілуде.Сала мамандарының айтуынша, биыл саябақтың жабайы ормандарын тазалау бойынша кезең-кезеңімен жоспар құрылған болатын.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айы аралығында 5,3 гектар аумаққа санитарлық тазалық жүргізіліп, Төлеметов көшесіндегі ормандар қалпына келтірілген. Дендросаябаққа алты ай ішінде 101 578 адам келген. Айта кетейік, «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жалпы жер көлемі 129,37 гектарды алып жатыр. Оның ішінде Қошқар-ата учаскесі 12,33 га. Дендросаябақ флорасы 5 географиялық аймаққа бөлінген: Шығыс Азия, Орта Азия — Қазақстан, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс-Сібір, Европа Қырым-Кавказ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика