2024-09-22

Өжетті жастар өрт сөндіруші мамандығында!

Өрт сөндіру қызметінің негізгі қызметі – өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Барынша тез өрт сөндіру құралдарының қанат жаюын  іске  асыру, адамдарды құтқару, құндылықтарды қауіпсіз аймаққа шығару, биіктерде, түтінге оранға ортада және жоғары температурада жұмыс жасау, қиын жағдайларда түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан тек өз міндетіне деген жоғары жауапкершілікті  ғана емес, жақсы денсаулықты, төзімділікті, батырлықты, тез әрекет етуді талап етеді.  Бұл қасиеттердің барлығы Шымкенттік өрт сөндіруші-құтқарушылардың бойында бар. Өйткені олар барлық  кезде белсенді, тұрақты түрде өздерінің дағдыларын  жетілдіруге және спортпен айналысуға көңіл бөледі,  спорт адамның моральдық-жігерлік қасиетін дамытуға көмектеседі. Сондай жастардың бірі – Азамат Ералыұлы Молданов.

Ол Сарыағаш ауданы Ұшқын ауылында 1992 жылы 5 желтоқсанда  дүниеге келген.  Азамат  жастайынан спортты серік еткен. Мектеп  оқып жүргеннің өзінде-ақ  теңбіл допты тебуде алдына жан салмайтын. Осылайша көптеген жарыстарда команда құрамында шабуылшы ретінде  алдыңғы шепте көріне білді.  Ол мүше болған команда  Сапарәлі қажы атына берілген Республикалық турнирде 2-ші орынды  иеленген, сонымен қатар Келес ауданында  Жастар жылына  орай ұйымдастырылған  турнирде  1-ші орынды иеленіп,  осы турнирде  Азамат  үздік шабуылшы атағын жеңіп алған,  қазіргі таңда бірінші спорттық разряды  бар.             

  Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға  өрт сөндірушісі болып қызмет атқаратын А. Молданов   өрт сөндіру қызметіне 2018 жылы қызметке орналасады. Өйткені бұл мамандықтың иесі болуды ол бала кезінде армандаған.

  Өртті сөндіру, адам өмірін құтқару жолында  өзінің белсенділігі мен қайсарлығын танытып жүрген Азамат көптеген жастарға үлгі. Әрдайым физикалық және кәсіби  дайындығын арттырып отыратын жас маман ұжымдағы әріптестеріменде өте ізетті. Ең бастысы  өзінің қызметтік міндеті болып табылатын- өртті сөндіру және адам өмірі мен оның материалдық құндылықтарын құтқару жолында алдыңғы шепте жүреді. Жаңалыққа жаны құмар жас әрдайым өз білімін арттыруға  атсалысады. ҚР Контитуциясының 25 жылдығына орай ҚР Ішкі істер министрінен алған алғыс хаты оның өз міндетін адал атқарып, қызметте белсенділік пен өжеттілік көрсетіп жүргендігінің   тағы бір дәлелі.   

Міне, осындай салауатты өмір салтын ұстанған, өжетті жастар – біздің Егеменді еліміздің жарқын болашағы болатынына  сенімдіміз!

А. Бейсембаев

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің  бастығы,  азаматтық қорғау полковнигі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика