2024-09-20

Жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Бүгінде Шымкент қаласы жылу маусына 95 % дайын. Айта кетейік, мегаполисте барлығы 1896 тұрғын үй болса, оның 1801-і жылу қысқа сақадай сай. Атап айтар болсақ, Әл-Фараби ауданы – 94%, Абай ауданы – 94%, Еңбекші ауданы – 95%, Қаратау ауданы – 97% .

Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ж. Шайхсламов «Қуатжылуорталық-3» МКК-інің мамандарымен бірлесе 2020-2021ж.ж. көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау жұмыстарын пысықтап, Абай және әл-Фараби аудандарындағы бірнеше тұрғын үйлерге барған болатын. Әл-Фараби ауданы аумағында барлығы 614 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның ішінде, жылу қабылдайтын 579 көпқабатты тұрғын үй жылу маусымына дайын. Ал, Абай ауданында 415 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 391-і жылу маусымына дайын. Аудан аумағындағы көпқабатты үй тұрғындарына жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы ескерту парағы дайындалып, үй басқарушыларына қысымдау сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертіліп, арнайы ескерту парағына қол қойдырылып жатыр.

Сонымен қатар, аудандардағы сервистік қызмет көрсетуші 6 компания («Қуатжылусервис» ЖШС, «СпецКомплектСервис» ЖШС, ««ЖилСтройСервис» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС, ЖК «ЖЭУ-6», «НҰР-Д» ЖШС-і) жұмыс жасайды.

Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасы

Яндекс.Метрика