2024-09-20

Ирригация жүйесінде игілікті істер бар

2020 жылы Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ұзындығы 97,7 км келетін 9 өзен-каналдарды (Қошқар-ата, Қара-су өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа-Шек, Компыс, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары) және орталық көше бойларындағы 485 км ирргициялық жүйелерін санитарлық тазалау жұмыстарына – 144,0 млн.теңге қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері өзен-канал арналарының 31,7 шақырымы қолмен, ал 16,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, қаладағы су алу қауіпі бар 32 мекен жайға 14,2 шақырым ирригациялық жүйе салу жұмыстарына 367,5 млн тг. қаржы қаралып, бүгінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар барысында, Бәйдібек би көшесі Алтын сарай тойханасы алды, Төлеметов көшесі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесі №115 мектеп алды, Көшеров, Жібек жолы көшесі, Тесік көпір өткелі сынды бірқатар өзекті нүктелердегі мәселелер шешімін табады.

Су басудың алдын алу мақсатында, ирригация жүйелерінің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналы арнасын Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуде. Қаралған қаржы — 333,9 млн.тг. аяқтау мерзірі ағымдағы жылдың қараша айы.

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасы

Яндекс.Метрика