2024-09-20

АБАЙ АУДАНЫНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ РАУШАН ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көркейту, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде күзгі маусымдағы гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды. Абай ауданындағы 8 шағынаудан, Республика даңғылы және 1-мамыр көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында бүгінгі таңда 3 мың раушан гүл көшеттері отырғызылды.

Аудан әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға тұрғындар да қатысып, белсенділік танытты. Іс-шараның негізгі мақсаты – аулаларды абаттандыру және тұрғындарды осындай игі бастамаға ұйытқы болып, тазалыққа шақыру.Аудан әкімі Бұқарбай Парманов тағылымды іс-шараның барысымен танысып, алдағы уақытта 15 мыңға жуық раушан гүл көшеттері егілетінін мәлімдеді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика