Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген.
Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 20 бала – колледжге оқуға түскен болса, 23 бала мемлекеттік грант иегері атанған. Ал 16 бала ЖОО-ның ректорларының гранттарына ие болып оқу орындарына түсті. Одан өзге, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 661 балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы төленіп жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Leave a Reply