2024-09-22

Қызметті мирас еткен отбасы

Әрқайсымыз, өрт орын алса  «101» телефон  нөмерін терсеңіз жеткілікті, сізге міндетті түрде келеді және көмек көрсетеді деп білеміз. Бірақ, кез-келген уақытта өз өмірін тәуекелге тігіп басқа азаматтарды құтқаруға дайын,  бұл адамдар кімдер? Бұл оларды күнделікті өмір мен өлімнің арасын бөліп тұрған жіңішке шектікпен  жүруге мүмкіндік беретін тапсырманы таңдауға не итермелейді? Әрине бұл батыл тұлғалы өрт сөндірушілер. Өрт сөндіруші — жай ғана кәсіп емес. Басқаларды қорғау және сақтауға қабілетті, әр кезде қауіп-қатерде батыл қорықпай көзге қарайтындарды қалай жай ғана мамандық иесі деп атауға болады. Сондықтан өртке қарсы қызметіне жұмыс істеуге, әдетте өз қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, іс-әрекеттеріне жауап беретін, ер мінезді адамдар келеді.  Тіпті бұл  салада ата мен әкенің, аға мен інінің таңдаған мамандығын жалғастырып жүрген әулеттің өкілдері баршылық. Солардың бірі – Саиповтар отбасы.

Бұл әулетте  өртке қарсы қызметіндегі өз жолын бірінші болып Саидкул Саипов бастады. Саидкул Хамракулович бұл салаға өмірінің 25 жылын арнаған жан. Мектеп жасынан-ақ спортқа жақын, іс-шараларға белсенді атсалысатын ол 1976-17978 жылдары әскери борышын өтеп келгеннен кейін, өрт сөндіру қызметіне жүргізуші лауазымына жұмысқа орналасады. 1979-1988 жылдары аралығында Шымкент политехникалық техникумын, Алматы өрт сөндіру-техникалық училищелерінде оқып, білімін арттырды. Бірінші кіші лейтенант шенін 1983 жылы №45 мамандандырылған әскери-өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымын атқарып жүргенде алады. Саидкул Хамракулович  табанды еңбегі мен белсенді әрекетінің арқасында түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет атқарып, 2003 жылы подполковник шенінде құрметті зейнеткерлікке шығады. Зейнеткерлікте жүре тұра өрт сөндіру бөлімінде болатын мерекелік жиындар мен шақырулардан қалмайды. Өскелең жас мамандарға айтар ақыл кеңестері көп, үнемі өздерінің бастарынан өткен қиын да қыстау кездегі жұмыстары туралы айтып береді. Қазіргі кезде техниканың дамыған кезі, алайда бұл жұмыста әрқашанда батылдық пен тапқырлық керек екенін естен шығармауларын ескертіп отырады. Екі перзент  тәрбиелеп өсірген, Саидкул Хамракулович   қазыргі таңда сегіз немерінің атасы.  Өз балаларына да  жақсы тәлім мен тәрбие беріп, Отан алдындағы азаматтық борышты бірінші кезекке қоюды үйреткен. Оның айғағы ретінде ұлының өрт сөндіру саласына қызметке келіп, абыройлы қызмет атқарып жүргендігін айтуға болады.

Қазіргі таңда  Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы  лауазымында қызмет атқарып жүрген ұлы  азаматтық қорғау подполковнигі Азиз Саидкулович Саипов мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 2001 жылдан, ал атқарып отырған лауазымда 2019 жылдан бастап еңбек етуде.  Өзінің білімі мен белсенділігінің нәтижесінде қызметте таптырмас маман, үлкен құрметке ие. Атадан балаға мирас болған бұл салада Саиповтар отбасы елеулі еңбек сіңіріп, елдің қауіпсіздігі үшін  аянбай қызмет етіп жүр десек қателеспейміз! Мұндай өнегелі отбасылар әрдайым басқаларға үлгі болары анық!

Қ. Арсланов

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика