Шымкент қаласы аумағында 15 қазаннан бастап жылыту маусымы басталды. Бүгінгі таңда қаладағы барлық тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелерге жылу берілді.
Алайда, жылуды қосу тұрғындардың және қызмет көрсететін сервистік мекемелердің құзіретіне кіретінін хабарлаймыз. Яғни, сервистік мекемелер тұрғын үйлердің элеваторлық жүйелерін ашып, тұрғындарға жылу қосу жұмыстарын жүргізеді. Жылу жүйесінде қандай да бір мәселе туындаса сервистік мекемелерге ескерту жасауыңызға болады.
Қосымша аудан әкімдіктерінде диспетчерлік байланыс номері жұмыс жасайды.
Абай ауданы – 53-03-20, 39-02-00
Әл-Фараби ауданы – 54 – 96 -54 39-02-01
Еңбекші ауданы — 39-01-96, 43-31-09
Қаратау ауданы — 39-06-00, 77-45-63
Шымкент қаласы әкімдігінің диспетчерлік қызмет номері – 24 -72-99.
«Қуат жылу орталық-3» МК – 44- 81- 89.
Больше историй
СТРОИТЕЛЬСТВО АЭС ДАСТ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ БИЗНЕСА — РАИМБЕК БАТАЛОВ
САУАЛНАМА ҚАНША АДАМНЫҢ АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН КӨРСЕТТІ
Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?