2024-09-20

ТОҒЫСТЫҢ МҰНАЙБАРЛАУШЫЛАР КӨШЕСІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптарда жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдерінің жылдық есебінде тұрғындар негізінен жарықтандыру мәселелерін жиі көтеретін. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Еңбекші ауданының Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көше бойының жалпы ұзындығы 800 метр. Мердігер мекеме «ABM – Building 2007» ЖШC құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика