2024-09-20

«ЭКО-САНА» СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ БҰЛ АПТАДА ДА ЖАЛҒАСТЫ

Шымкент қаласы әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданының Сәуле шағынауданының, Жаңабазар көшесі (Әскери бөлімше) аумағында өтті.

Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. ​Сенбілік акциясына, қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Ақпараттық коммуникациялық орталығы, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.​

Сондай-ақ сенбілік акция барысында Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағынауданының аймақтарында күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылады және тазалық жұмыстары жүргізілді. ​Сенбілік соңында әр қатысушы​ командалардың жинаған қоқыстары таразымен есептеліп қорытындысы шығарылды.

Анықтама: бірінші кезеңдегі Қаратау ауданына қарасты Бәйдібек би алаңында өткен сенбіліктен 1141 килограмм, екінші кезеңдегі Еңбекші ауданына қарасты «Фосфоршылар» мәдениет сарайы аумағында өткен сенбілік бойынша 2423 килограмм, үшінші кезеңдегі Абай ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, Бадам өзені жағасында өткен сенбіліктен 5652 килограмм қоқыс жиналды. Жалпы саны 9213 кмлограмм қоқысты құрайды.

​Cенбілік акциясында барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.

Яндекс.Метрика