2024-09-20

АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Әр апта сайын А.Асқаров атындағы Дендросаябақ аумағында сенбілік ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік кезінде ағаш көшеттері егілді.

Егілген ағаш көшеттерін Шымкент каласының статистика департаменті Қазақстанның мемлекеттік статистикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырған. Бұл туралы Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының фейсбуктегі парақшасында жазылды.

Ағаш көшеттері А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына карасты тұқымбақ жылыжайында тұқымынан көбейген. Жаңадан егілген тұт, сумах, верба, қағаз ағашынан 150 түбі саябақтың А.Байұрсынов көшесі жағынан кіретін қақпа аумағын абаттандыру максатында отырғызылған.

Яндекс.Метрика