2024-09-20

«ТҰРАН» 2021 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

«Тұран» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбуктегі парақшасында жазылды. Басқарманың мәліметінше, қазіргі таңда «Тұран» шағын ауданын табиғи газ, сапалы ауыз су, кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев пен Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Тұран» шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралады. Бүгінгі таңда «Тұран» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 2 нысанының құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қалған 2 нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, «Тұран» шағын ауданы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Яндекс.Метрика