2024-09-20

КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Сенбілік ауданның бірнеше аумағында жургізілді. Соның бірі 195 және 276 орамдардың аумағында өтті. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Сенбілікте бей берекет жатқан қоқыстар тазартылып, қураған өсік шөптер орылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбіліктің максаты тұрғындарға тазалықты сақтау мен жауапкершілікті сезіндіру. Сенбілікке аудан тұрғындары және аппарат қызметкерлері, санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын мердігер мекеме жұмысшылары және ерікті жастар жалпы саны 150 адам және 4 техника қатысты. Қаламыздың таза болуына бірге ат салысайық.

«Құрметті тұрғындар! Сіздерден, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өздеріңіз тұрып жатқан аумақтың (көше бойы, аулалар) санитарлық тазалығын сақтауға, ирригациялық арықтарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалауға ат салысуға шақырамыз»-дейді Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов.

Яндекс.Метрика