2024-09-20

БҰЛ АПТАДА ДА «ЭКОСАНА» ЖАЛҒАСТЫ

Шымкент шаhарында қала əкімдігінің бастамасымен жəне «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен #ECOSANA сенбілігінің 5-кезеңі өтті. Аталған сенбілік акцияға Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қалалық Ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева жəне Ақпараттық-коммуникациялық орталығының қызметкерлері мен ерікті ұйымдар қатысты.

Bizbirgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы сенбілікте жастарды тазалыққа шақырған қала əкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы эко-сана балабақшадан басталып, бұл тазалық мəдениеті сол кезден қалыптасуы керек екенін атап өтті.

Эко-сананың 5-кезеңінде Қаратау ауданы, Достық тұрғын алабының Мұзтау көшесінің аумағы қоқыстан тазартылды. Он жеті команда сап құрған акцияда қатысушылардың жалпы саны 350-ге жетті.

Айта кетейік, ​ұжымдық ерікті сенбілікте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталынды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика