2024-09-20

ЖЕЛТОҚСАН СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАЛАҒА ЖАҢА 600 АВТОБУС КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында шалғай орналасқан елді мекендерде қоғамдық көліктер қатынап жатыр. 17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108 «А» автобусы тұрақты түрде жүруде. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға дейін ұйымдастыру жоспарланған.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдауда айтты. «Қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынады»,-деді әкім.

Сонымен қатар, бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтар әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша да сұрақтарын қойды. Әрбір тұрғынның мәселесін жіті тыңдаған шаһар басшысы барлығы заң жүзінде шешілетінін жеткізді.

Яндекс.Метрика