КОНТЕЙНЕР АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкенттің Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов баспасөз брифингінде биыл 10 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Әл-Фараби ауданы аумағында контейнер алаңшаларын жаңарту және контейнерлерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Ағымдағы жылы 400 қоқыс контейнерін алуға қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсымен «Status-KBO Building» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і өз қаражаттары есебінен 5 орынға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшасын орнатты. Алдағы уақытта 20 мекенжайға жаңа үлгідегі қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қолға алынбақ.

Сондай-ақ, пилоттық жоба негізінде «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і тарапынан «Түркістан» шағынауданы Жанқожа көшесінің бойындағы 115 жеке тұрғын үйге контейнер жәшіктері орнатылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика