А.ӘЛІҚҰЛОВ: «АУДАН 73,7 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН»

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов осылай мәлімдеді.

– Биыл Қаратау ауданында Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұран, Достық, Асар-2 және Азат шағынаудандарында табиғи газбен жабдықтау бойынша ішкі орамдық жүйелердің құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар аяқталса, табиғи газбен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 85 пайызды құрайды, – деді А.Әліқұлов.

Спикердің айтуынша, ауданда 47 202 тұрғын үйдің 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, қаладағы АГРЭС-3 бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері су жиналатын көшелерге, яғни, ұзындығы 5,6 шақырымға ирригациялық арық орнатылған.

Фото – Береке Сейітжаппар

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика