Бұған дейін де биылғы жылдың ішінде Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қала аумағындағы 8 жердегі гүлзар абаттандырылғаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.
Соның бірі — «Чернобыль апаты» құрбандарына арналған гүлзар. «Тәуелсіздік» саябағы мен «Шымкент» теміржол вокзалы арасын қосатын Қабанбай батыр көшесі бойында орналасқан бұл гүлзарға жақын маңдағы көпқабатты тұрғынүйлердің тұрғындары серуен мен бой жазу үшін күнделікті келіп тұрады. Әсіресе, жастар мен бала жетектеген ата-аналарды, таяқ сүйенген қарттарды көптеп кездестіруге болады.
Қайта түлеген «Чернобыль апаты» құрбандарына арналған гүлзар бүгінде қала тұрғындарының сүйікті серуен жолына айналған.
Leave a Reply