ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТАБИҒИ ГАЗҒА 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ҚОСЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы әкімі аппаратының фейсбук парақшасында жарияланды. Аталған мәлімет аудан əкімі А.Аликулов құзырлы мекеме басшыларымен бірге Қайнарбұлақ тұрғын алабында пропан газдың шығу салдарынан төтенше жағдай орын алған үй иесімен кездесуі туралы жазылған постта айтылады.

Төтенше жағдайдың орын алуына басты себеп рұқсатсыз жəне ешқандай сақтық шараларын сақтамай газды орнатудан болғаны анықталған деп хабарлайды «Қызмет.Ақпарат» аудан әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап. Аудан əкімдігі жəне Қаратау аудандық төтенше жағдай бөлімі мамандарымен бірлесе Қайнарбұлақ елді мекенінде улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүрігізіп келіпті. Айта кетсек, Қайнарбұлақ тұрғын алабы қала аумағына Сайрам ауданынан қосылған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін магистралды газ құбырының жобасына ағымдағы жылы 49,4 млн тг қаржы бөлінген. Жобаның жалпы құны 428,4 млн тг. Мердігер мекеме «МБК Құрылыс» ЖШС. Құрылыстың аяқталу мерзімі 01.11.2021 жыл.

Биыл қала аумағында АГТС-3 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, Қайнарбұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика