2024-09-20

Ғ.МӘУЛЕНҚҰЛОВ: «АУДАН АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРІП ЖАТЫР»

Санитарлық тазалық жұмыстары аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың фейсбуктегі парақшасы жазды. Аудан аумағындағы үй аулаларына санитарлық тазарту, қураған жапырақтар мен ағаш бұталарын, басқа да бөгде қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

Мұның бәрі ауданымыздың көркі үшін, өзіміздің салауатты өмір салтымыз үшін жасалып жатқанын ұғынғанымыз дұрыс. Ал, жасалып жатқан еңбекті еш етпей, тазалық пен тәртіп сақтауды ауданның әрбір тұрғыны өзінің парызы мен міндеті екенін ұмытпаса игі.

Яндекс.Метрика