2024-09-20

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН СӨЗ ЕТКЕН СЕМИНАР

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бей-берекет қоқыс үйінділерін жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарымен бірлесіп, Шымкент қаласының аудандық әкімдіктері мамандарына Геосервис құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалану бойынша оқыту семинарын өткізді. Бұл туралы аталған департаменттің фейсбук парақшасында жазылған.

Семинар нәтижесі бойынша рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге шығу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта экология департаменті және аудандық әкімшілік мамандары анықтаған рұқсат етілмеген үйінділерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Яндекс.Метрика