2024-09-20

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН ҒАНА ЕМЕС, ЭКОСАУАТТЫЛЫҚТЫ ДА НАСИХАТТАҒАН ШАРА

Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің қолдауымен департамент мамандары Шымкент қаласы «Авиценна» көпсалалы медициналық коледжінің «Жас зерттеуші» ұйымының жетекшісі және мүшелерімен бірге қала аумағында экосенбілік өткізді. Бұл туралы аталған департаменттің фейсбук парақшасы ақпарат таратты.

Бұл сенбіліктің өзге тазалық жұмыстарынан ерекшелігі бар. Өйткені, жиналған қоқыстарды қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырып, экосауаттылықты насихаттап отыр.

Іс-шара барысында 10 қап қайта өңдеуге жарамды қалдықтар жиналды. Жиналған барлық сұырпталғын қалдықтар қаламыздағы «Korkemplast» ЖШС-нің қабылдау пунктіне өткізілді. Департамент мамандары қала тұрғындарын экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Яндекс.Метрика