2024-09-20

ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ БОЛАТЫН ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘСІПОРЫНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ

Шымкент қаласында екінші мәрте қайта өңдеуге болатын тұрмыстық қалдықтарды қабылдап, өңдеумен айналысатын мекеме барын білесіз бе? Осындай ерекше жаңалықпен Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің фейсбук парақшасы бөлісті.

«Құрметті қала тұрғындары, біз сіздерге Шымкент қаласында қайталама шикізатты қабылдау пункті ашылғанын қуана хабарлаймыз» деп сүйінші сұрайды аталған хабарламада. Қайта өңдеуге болатын тұрмыстық заттарды кез-келген қала тұрғыны алып барып тапсыра алады.

Тұрмыстық қалдықтар қабылдайтын мекеме орналасқан мекен-жайы: Тамерлан тас жолы, AKBOZAT дүкенінің жанында. Телефон арқылы барлық сұрақтарға жауапты 8-707-010-28-76 нөмірімен біле аласыз. Қабылдау пункті тек жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал сенбі күні түске дейін ғана жұмыс істейді.

Яндекс.Метрика