2024-09-20

ДЕНДРОСАЯБАҚТА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІК ТҰҚЫМДАРЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін А.Асқаров атындағы шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында сирек кездесетін ағаш-бұталар мен ағымдағы жылы алып келінген интродуцент тұқымдарының 20 түрі арнайы гүл отырғызатын ыдыстарға отырғызылды. Бұл туралы Шымкент қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының фейсбук парақшасында жазды.

Егілген сирек кездесетін өсімдік түрлері мыналар: гортензия литл лайм, спирея японская, снежноягодник розовый, берёза бумажная, берёза белая, берёза повислая, унаби, барбарис обыкновенный, барбарис черный, яблоня ред обелиск, тюльпан грейга, рябина магнифика, орех черный, гибискус болотный, жузгун, пекан, птелея, лагерстрёмия, гортензия древовидный, павлония ағаш-бұталары. Қазіргі таңда (қыс мезгілінде )оларды кеңсенің лаборатория бөлмесінде өсіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, парақша мәліметіне қарағанда, Қошқар ата учаскесінде тұрақты санитарлық жұмыстар мен қураған ағаштарды кесу жұмыстары және темір қоршаулардың сынған орындары ретке келтіру жұмыстары да қоса атқарылған.

Яндекс.Метрика