2024-09-20

БАСПАНА КЕЗЕГІНЕ ҚАЛАЙ ТҰРУҒА БОЛАДЫ?

Жалпы, тұрғын үй кезегіне тұру үшін оның 2 жолы қаралған. Бірінші жолы – egov.kz электронды үкімет порталымен үйінен көшеге шықпай-ақ өзінің электронды кілтін пайдалану арқылы тапсыра алса, екінші жолы – халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы. Егер, екінші жолымен тапсырғысы келсе, жеке куәлігін өзімен ала бару керек болады, сондай-ақ, тиісті санатын белгілеу қажет.

Тұрғын үй кезегіне тұрудың негізгі талаптарының бірі – қалада 3 жыл тіркеуде тұру, бұл міндетті түрде. Екінші талап, азаматтың атында 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмау, меншік иесі болмау керек.

Сондай-ақ, шешуші талап, біздің талап – бекітілген тиісті санатқа жатуы қажет. Ол деген сөз, «Ұлы Отан соғысы» ардагерлері, көп балалы аналар, бірінші және екінші топ мүгедектері, толық емес отбасы, мүгедек бала асыраушылар, экологиялық зардап шеккен аумақтарда қызмет атқарған арнайы құжаты бар азаматтар, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері секілді тұрғындар тұрғын үй кезегіне тұра алады.

Осы жерде тағы бір сауал туындайды, «үшінші топ мүгедектері үй ала алмай жатырмыз» деп. Ал, үшінші топ мүгедектері ол санаттарға жатқызылмайды.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Яндекс.Метрика