2024-09-20

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНІҢ ӨЗГЕРУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазіргі біздегі кезекке тұрғызу және үй беру процесі толығымен автоматтандырылған. «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес, жылы бір рет түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тапты. Соның нәтижесінде, біздің автоматтандырылған базамыз өзге де барлық базалармен бірге салыстырмалы түрде қаралатын болғандықтан, 4456 адам кезектен шығарылды.

Ол не деген сөз? Ол деген сөз, біздің кезекте тұрған азаматтардың басқа өңірлерге көшу фактілері, өз атына жылжымайтын мүлік тіркеу, сатып алу жағдайлары, санатын жоғалту, қайтыс болу секілді жағдайларды қарап, 4456 адамды кезектен шығардық. Олардың санаттары бойынша жекелей тоқталып айтап болсақ, халықтың әлеуметтік әлсіз тобынан 1244 адам шықса, ең көбі мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен әскери қызметкерлері санатынан 2471 адам шығарылды. Олардың дені жұмыс бабымен басқа өңірлерге көшкен, тұрақты мекен-жайын ауыстырған.

Мұндай жағдайларда, жылына бір рет тексеру жасап, тізімнен шығарып тұрамыз. Кейде күтпеген жағдайлар да орын алып жатады. Мысалы, кей азаматтар өз мекен-жайынан көшіп кетуін білмей жатуы мүмкін.

Өкінішке қарай, сонысына қарамастан нақты фактілерді есепке алып, ондай азаматтар есептен шығарылып отырады. Орталықтандырылған база болғандықтан, есептегі азаматтардың миграциялық қозғалысы ұдайы қадағаланып тұрады.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Яндекс.Метрика