ЖАСТАРҒА БЕРІЛЕТІН АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕРДІ АЛУ ШАРТЫ ҚАНДАЙ? КОНКУРС ҚАШАН ӨТЕДІ?

Қазір жастарға байланысты туындайтын сауалдар көп. Бұл «жастар» дейтін санат 29 жасқа дейінгі азаматтарды қамтиды. Яғни, өтініш беретін кісінің жасы 29-ға толмай керек. Бұл — бірінші талап.

Және бір талап, айлық жалақы табысы 40 айлық есептік көрсеткіш шамасынан кем болмауы тиіс. Немесе, биылғы есеппен ол 111 мың теңгеден асатын көрсеткіш болады. Одан басқа, тұрғылықты мекен-жайында 2 жылдан кем тұрмау қажеттігі және меншігінде соңғы 2 жыл ішінде тұрғын үй тіркелмеуі керек дейтін талаптары бар.

Ал, конкурс өткізу мәселесіне келер болсақ, қазіргі таңда қалалық құрылыс басқармасымен бірлесе тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Келе жатқан желтоқсан айының ортасына таман, шамамен 15-20 жұлдызына қарай Құрылыс басқармасы тұрғын үйлерді мемлекеттік қабылдаудан өткізіп, біздің басқармаға тапсыруды көздеп отыр. Аталған басқарма біздің мекемеге тапсырғаннан кейін конкурс жариялайтын боламыз.

Сондықтан, тапсырған уақытын көріп, содан кейін ғана конкурс жариялау мүмкіндігі болады. Бірақ, биылғы жоспарда 300 пәтерді жастарға пайдалануға беру межесі күн тәртібінде тұр.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика