2024-09-20

МЕГАПОЛИСКЕ ШЫҒЫСТЫҚ ӨРНЕК БЕРГЕН «ҚЫРҒЫ БАЗАР»

Шымкенттегі ескі қалашық қамалын қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар «Қырғы базарды» шығыс стиліне көшіру жұмыстары да жүріп жатыр. Оның да өзіндік себебі бар.

Өйткені, тарихшылардың келтірген дәлеліне жүгінер болсақ, көне шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттығы дамыған қалалар ретінде Қытай жазбасында кездеседі екен. Сондықтан, сауда орталығы «Ескі қалашық» кешенінің бір құрамдас бөлігі ретінде дамымақшы.

Заман талабына сай қайта құрылымдау кезең-кезеңімен жүргізіледі деп жоспарлануда.

Яндекс.Метрика