Шымкент қаласы әкімдігімен бірге осы «Қырғы базардың» жаңадан модернизация жобасын жүргізетін болдық. Жоба 2018 жылы басталған болатын. Жалпы, құрылыс 2023 жылы аяқталады деп межеленген.
Құрылыстың алаңы 85 мың шаршы метр. Оның ішінде 600 орынға лайықталған автотұрақ, шығыс моншасы, шығыстық стильдегі жатақханасы бар, сондай-ақ, «Шығыс базары» сауда қатарының ортасында 200 орындық қолөнер шеберлеріне арналған павильон тегін пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, «Қырғы базар» орналасқан аумаққа жақын жерде «Цитадель» тарихи-мәдени кешені бар. Сол нысанмен бірге біздің жаңарған базар туристерге арналған қаладағы бірегей ерекше кешен болмақ.
Досжан ШАЛҚАР
«Қырғы базар» басшысы
Leave a Reply