2024-09-20

АГРС-3 ПЕН «БОЗАРЫҚ» ПОДСТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан АГРС-3 және «Бозарық» қосалқы подстанциясына бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы аталған басқарманың фейсбук парақшасы мәлімет таратты.

Өздеріңізге мәлім, бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Нысан іске қосылған соң, Шымкент қаласындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандарға техникалық шартты алуға мүмкіндік беріліп, толыққанды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Басқарма басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмыстарын да пысықтады. Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Электр станциясының құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық, Нұрсәт ш/а — барлығы 10 елдімекендегі 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтылуға мүмкіндік алады.

Яндекс.Метрика