ТҰРҒЫНДАР КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІП ЕДІ, БАСҚАРМА ЖАУАП БЕРДІ

Қазір қоғамда мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Еститін Үкімет» деп аталатын тұжырымдамасы қызу талқылану үстінде. Аталған тұжырымдаманың жүзеге аса бастағанын күн санап көзімізбен көре бастадық. Соның бірі, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук әлеуметтік желісінде парақшасына қала тұрғындары өз шағынаудандарындағы мәселелерін шешуді сұрап еді, аталған басқарма сауалдарына тиісті жауап берген.

САУАЛ

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ, әлеуметтік желі пайдаланушысы:

— Армысыздар, Шымкенттегі Энергетика Басқармасы ШымкентЕңбекші Ауданы Әкімі Аппараты. Сіздерге бір өтініш айтқалы отыр едім. Мынау суреттегі жерді біреулер «Қарабастау новостройка» деп атайды екен. Негізі, бұрынғы Жұлдыз саяжайы, кейінгі «Жалын» елді мекеніне көрші тұс. Осында бірер жыл бұрын электр бағаналары орнатылған екен. Алайда, айналасындағы үйлерге әлі күнге сол бағанадан электр жарығы берілмепті. Өзі, су жүйесі, газ жүйесі, мектебі, балабақшасы, барып жатқан автобусы жоқ жерде әбіржіп отырған тұрғындар үшін үйлеріне электр желісінің қосылуына ықпал етсеңіздер.

ЖАУАП

Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары:

— «Шымкент қаласы Қарабастау, Қаратөбе (Базарқақпа), Жыланбұзған, Бадам-1, Шапырашты, Өтеміс елді мекендерінде 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысы» нысаны бойынша мердігер мекеме «А.Мерей И К» ЖШС-мен құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың маусым айында толық аяқтап, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен электр қуатына қосылып және абоненттеу жұмыстарын жүргізілуде. Аталған мекеме мәліметіне сәйкес, жұмыстар 30.11.2020 жылға дейін аяқталады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика