2024-09-20

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАРТУҒА ЖҰМЫЛДЫ

Шымкент қаласында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дәл қазір «ЛТД Турмыс» , «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.

Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 118 техника, 636 жұмысшы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта, қаладағы 299 көше мен аялдамалар, тротуарлар, әлеуметтік нысандар маңы қардан тазартылды.

Яндекс.Метрика