2024-09-20

ДЕНДРОСАЯБАҚТА АҒАШ ЕҢСЕСІН БАСҚАН ҚАР ТҮСІРІЛДІ

Бүгін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында арнайы қар тазалау жұмыстарымен бірге ағаш-бұталардағы және орындықтардағы қарларды түсіру, тазалау жұмыстары атқарылды. Бұл жайында аталған басқарманың фейсбук парақшасы жазды.

сонымен қатар «Қошқар ата» учаскесінде де қар күреу жұмыстары жүргізілуде. Серуендеушілерге арналған аяқжолдар ашылып, тұрғындардың таза ауамен бой жазуына жағдай жасалынды.

Яндекс.Метрика