2024-09-20

ТҰРҒЫН ҮЙІҢІЗДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ҮШІН 2 ҚҰЖАТ ЖЕТКІЛІКТІ

Жылжымайтын мүлік бойынша өтінішті Азаматтарға арналған үкімет порталы арқылы беруге болады. Басқаша айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО, ЦОН) арқылы бере алады. Қала тұрғындары өздері тұратын аудандарына қарай ХҚКО бөлімшелеріне барып, жылжымайтын мүлік нысанының мекен-жайын айқындау бойынша өтініш беру керек.

Аталған өтініштер біздің басқармаға келеді де, біздің мамандар мүліктің орналасқан жеріне барып, айқындайтын жұмыстар атқарады. Мамандардың нысан басына баруға тура келу себебі, өздеріңіздер де білесіздер, бұған дейін қаланығң кейбір аймақтарындағы көшелердің тіпті атауы да болмаған кездер болған. Көше атаулары берілгеннен кейін тұрғын үйлердің реттік нөмірін анықтап беру мақсатында нөмірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Мекен-жайларды тіркеу дегенде, мүлікті тіркеу үшін қандай құжаттар керек десеңіз, оған да тоқталайын.Ол үшін тұрғын үй немесе жер телімінің иесі жеке куәлігі көшірмесі және жазбаша өтініш берілсе, сол жеткілікті. Сол өтініштің өзі біздің мекемеге қабылданады.

Ә.Ө.Үлесбеков

Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

Яндекс.Метрика