Қазақстандағы ең ірі зоологиялық саябақ Шымкент қаласында орналасқан. Оның көлемі 30 гектар аумақты қамтиды. Сонымен қатар, жан-жануарлар әлемінің көптігімен де ерекшеленеді. Өйткені, бүгінде зообақта әлемдік Қызыл кітапқа енген 171 түрі және Қазақстан Қызыл кітабына кірген 23 түрлі аң-құс бар. Жалпы, зообақтағы жануарлардың уақыт өткен сайын өлім саны азайып, қайта қатары көбейе түскен.
Жалпы, қорында екі жарым мыңға жуық аң-құсты сақтап отқан зообақта құрылыс жұмыстары жүргізіліп заманауи технологиямен қамтылуда. Бұл жан-жануарларды күтіп-баптауда тиімділік әкелмек. Зообақ басшысы Н.Бақтыбайұлы: «Қасқырлардың 3 түрі көл жағасындағы жаңа алаңшаларға орналастырылады. Аялардың да 3 түрі: гималайлық, Тянь-шаньдағы тау аюы және қоңыр аю да сонда орналасады. Үлкен валерлер салынып, көл жағасын әдемі көрінеді. Шымкенттің де бірден бір бренді болатын зообақты дамытып, Қазақстан брендіне айналдырсақ дейміз», — дейді.
Алдағы уақытта 277 жан-жануарлардың түрін 600-ге жеткізу мақсаты көзделген. Сонымен қатар, келушілер санын 1 миллион адамға жеткізу де жоспарда бар. Оның үстіне Шымкент қаласындағы зообақ халықаралық зообақ және аквариум ассоцациясына кіреді. Соның ішінде 150 зообақтың ішінен үздік үштікке шығуды көздеп отыр.
Әзімбек ӘБДІҚҰЛҰЛЫ
Leave a Reply