Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында «5-20-25» бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген азаматтар үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы 25 жылға 20% бастапқы жарнасымен жылдық 5%-дан кем емес мөлшерде тұрғын үйді сатып алуға кредит беру қарастырылған. Бұл жайында Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының tor»>фейсбук парақшасында мәлімет таратты деп хабарлайды kyzmet-gazeti.kz сайтының тілшісі.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар мыналар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
2) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасын қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есептемегенде) табыстың болуы;
3) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу;
4) төлем қабілеттілігін растау;
«5-20-25» бағыты аясында өтініштерді қабылдау мерзімі Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтына, әлеуметтік желілерде (@upravleniezhilya) және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (телевидение, газет) хабарланатын болады» делінген аталған басқарма парақшасында.
Leave a Reply