2024-09-20

АЗАМАТТАРДЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚОЮ ҮРДІСІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы көрсететін азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу мемлекеттік қызмет түрімен таныстырды. Таныстырылым аталған басқарманың tor»>фейсбуктегі парақшасында атқарылды деп хабарлайды kyzmet-gazeti.kz сайтының тілшісі.

Аталған қызмет Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай Сервистік бағдарламалық Өнімде (ары қарай СБӨ) жүзеге асырылады. Азамат тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін Азаматтарға арналған Үкімет орталықтарына барып немесе «e-gov» электрондық порталы арқылы өтініш білдіргеннен соң СБӨ-ге келіп түседі. Аталған өтініш 30 күн ішінде қаралады. СБӨ басқа да мемлекеттік мекемелермен интеграциялануына байланысты, азаматты тұрғын үй кезегіне қою үрдісі толығымен электронды түрде жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, азаматтың:

— Шымкент қаласында соңғы 3 жыл тұрақты тіркеуі бар/жоқтығын тексеру үшін құзыретті органға сұраныс жіберудің қажеттілігі алынып тасталды.

— Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын 1, 2 топ мүгедектігі бар/жоқтығын автоматты түрде анықталады.

— Азаматтың немесе отбасы мүшесінің иелігінде тұрғын үйдің тіркелген/тіркелмегендігін анықтау мүмкіндігі бар

— Азамат мемлекеттік қызметкер ретінде тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметкер статусы бар/жоқтығын анықтау және т.б. мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, өтініш тапсырылған уақыты мен күні автоматты түрде бақылауда болғандықтан, келіп түскен өтініштердің уақтылы кезек ретімен қаралуына мүмкіндік береді, дейді басқарма парақшасы.

Яндекс.Метрика