2024-09-22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет басшымыз бәрімізде тек бір уайым – «Қазақстан халқының амандығы» және бір мақсат – «Отанымыздың гүлденуі» екенін атап көрсеткен. 

Сонымен қатар, Қазақстан  тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жеморлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Әрбір қоғам дамуының күнегей жағы көлеңкелі тұсымен қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жетуіне, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне бағытталған шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейінге тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту  — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігін ұмытпағанымыз жөн!

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар  өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. 

Қ.Сарсембаев

Азаматтық қорғау подполковнигі, Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының бастығы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика