2020 жылғы 10 қаңтарда өткен Мәжіліс және Маслихат депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын бүгін түнде экзитпол жүргізген ұйымдар айтты. Аталған экзитпол нәтижесіне қарағанда, Мәжіліске 3 партия өкілдері өтуі мүмкін. Ал, Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысы алдағы уақытта жарияланады деп күтілуде.
Демократия институтының экзитполы бойынша: Қазақстанның халық партиясы 9,54 пайыз, «Нұр Отанда» 72,01 пайыз, «Ауыл» партиясында 4,93 пайыз дауыс. Ал сауалнамаға қатысқандардың 10,27 пайызы «Ақ жол» партиясын таңдаған екен екен. «Адал» партиясында 3,25 пайыз дауыс. Яғни экзитполдың қорытындысы бойынша 7 пайыздық межеден асып, Парламенттің төменгі палатасына 3 партия өтіп отыр. Олар: «Нұр-Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы.
Leave a Reply