Жылу беру маусымындағы қауіп-қатер екі есе өседі. Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану қауіпсіздігінің бұзылуы, пеш мұржаларының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы секілді салғырттықтар – өрттің басты себептері.
Сондай-ақ, кейде адамдардың мас күйінде темекі шегуінен де от тұтанады. Статистикалық мәлімет бойынша, әр 3 өрттің бірі пештің ақауынан шығады. Ал төтенше жағдайдың салдары адамдардың денсаулығы мен өміріне орны толмас зиян, материалдық шығын әкеледі.
Ал, улы газ – қыста, жылыту маусымында «бас көтеретін» дұшпан. Көмірқышқыл газы, ғылыми тілмен айтқанда, CO – түссіз, иіссіз улы газ. Сонысымен де аса қауіпті. Алғашында сезілмейді. Улы газ оттың шала жануынан шығады, яғни, жану кезінде ауа жеткіліксіз болған жағдайда жану салдарынан тарайды. Адам ағзасына өте қауіпті. Бұл газбен уланудың алғашқы белгісі – бас ауырады және айналады, одан кейін адам есінен танады. Улы газ шыққан жағдайда ашық отты пайдаланбаңыз, жарықты, электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз, газ беруді тоқтатуға тырысыңыз, егер мүмкін болса, үй-жайды желдетіп, өрт сөндірушілерді шақырыңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және көршілеріңізді жарылыс пен өрттің туындауынан сақтайсыз!
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіруші-құтқарушылар ер күзден бастап-ақ рейдттің жұмыстарға крісіп кетеді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жадынама таратады.
Бұл жолы да Шымкент қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың арасында осындай ескерту шараларын жүргізді. Қауіпсіздік сақтау-өміріңіздің кепілі екенін қайта-қайта еске салып, сіздердің бас амандықтарыңызды ойлап жүрген өрт сөндіруші-құтқарушылардың ескертпелерін еске сақтап, жадынамаларына назар аударуылаңызды сұранамыз!
«… сақтансаң, сақтайды» деген ережені ұмытпайық.
Әсіресе жылыту маусымындағы қауіпсіздік мына ережелерді мықтап есте сақтайық:
- Газ плитасының жанында тез тұтанатын заттар тұрмауы тиіс;
- Жанып тұрған жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
- Газ плитасын бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз;
- Жылыту құралдарын қолдану кезінде бүлінген электр сымын қолдануға болмайды;
- Үйден шығарда барлық электр жылытқыш құралдарды өшіруді ұмытпаңыз;
- Пеш түтігінен жиһаз, төсекке және басқа жанғыш құралдарға дейінгі қашықтық 1,25 метрден кем болмауы тиіс;
- Жылыту маусымының басталуына дейін және жылу беру маусымы кезінде үш айда бір рет мұржаны тазалау керек.
С. Ташимбаев
Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі