Шымкент қаласында жастарға арналған жалға берілетін пәтерлерге өтінім беру басталғалы жатыр деп хабарлайды Б.Сәдібеков фейсбуктегі өзінің парақшасында. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылданады.
Өтінімдер:
-Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
-Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
-Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;
-Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.
Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5(БЕС) жыл мерзімге жалға беріледі. Пәтерлер саны – 300 дана (1-бөлмелі-195 дана, 2-бөлмелі-105 дана). Қабылдауды бастау: 2021 жылғы 25 қаңтар 00:00 сағ. Қабылдауды аяқтау: 2021 жылғы 27 қаңтар 00:00 сағ. Құжаттарды қабылдау shymkent-baspana.kz порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) білімі туралы құжат;
4) неке қию туралы куәлік (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігі(бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9)еңбек кітапшасы мен зейнетақы қорының анықтамасы (соңғы 6ай);
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Leave a Reply