Шымкент қаласында жаңа шағынаудандардың көптеп қосылуына орай топырақ көшелердің көп екені белгілі. Оларға тас төсеу жұмыстары ешқашан тоқтап қалған емес. Атап айтар болсақ, бір ғана Абай ауданында былтыр 49 көшеге тас төселген. Атқарылған жұмыс жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов есеп беру жиынында айтты.
Жолдарға тастың төселгені тұрғындарды қуантты. Өйткені, көше — бүкіл қарым-қатынасымыздың себепкері. Бүгінде Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1025. Оның жалпы ұзындығы 1034 шақырымды құрайды. Былтыр 71,2 шақырымды құрайтын 146 көшеге шағал тас төсеу жоспарланған. Жоғарыда айтқан 49 көше соның бір бөлігі.
Аудан аумағында жалпы 296 шақырым аяқжол болса, 2020 жылы әлеуметтік нысандарға баратын орталық 5 көшеге 8,1 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылға қосымша 44,5 шақырым шағал тас төсеуге ұсыныс беріліп, 173,6 млн теңге қарастырылған. Алдағы уақытта жол құрылысы жалғаса беретініне сенеміз.
С.БАЙБОСЫНОВ
Leave a Reply