2024-09-20

«СКУТЕР-ШЕРИҢ» НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚОСЫЛАДЫ

Енді Шымкентте веломәдениетті насихаттауға арналған «SHYMKENT BIKE» жобасынан өзге тағы бір жоба, қала көшелерінде скутермен серуендеуді үлгі ететін «СКУТЕР-ШЕРИҢ» бағыты іске аспақ. Алдын-ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, жаңа жоба алдағы наурыз айының бірінші күнінен басталмақ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исақов фейсбуктегі өзінің парақшасында жоба жайлы «Алдын айтқанымыздай, қаламызда «Скутер Шериң» жобасын іске қосып жатырмыз. Әлеуметтік желіде бұл туралы қызығушылықтан қызу талқылаулар туындап жатыр. «Қашан?», «Қайда?», «Кімдер жүзеге асырады?» және «Қандай, қанша қаржыға?» деген сауалдар көп. Ең алдымен, жоба жеке инвесторлар есебінен жүзеге асатынын айтқым келеді» деп түсініктеме берді.

Айта кетсек, 1-наурыз күні қаладағы 30 нүктеде 300 скутер-шериң қойылып, пайдалануға беріледі. Пайдалану үшін «OZIM» мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелу қажет. Сол арқылы пайдаланушы QR кодты сканерлеп, уақытын, қаржысын қадағалап, жұмсай алады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында да қосымша тестілеу өткізілмек.

С.Дүйсебайұлы

Яндекс.Метрика