Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қоғамдық кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Осы мәселелер туралы Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Адалдық алаңының» тікелей эфирінде айтып өтті. Өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша тікелей эфирде қала тұрғындары мен қонақтарын барша қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
А.Тұранов
Азаматтық қорғау капитаны, Абай ауданы ТЖ басқармасының бас маманы
Leave a Reply