ЖАҚСЫ ДАЙЫНДЫҚ — ӨМІРДІ ҚҰТҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың төтенше жағдай кезіндегі жұмысқа  және олардың зардаптарын жоюға  дайын болуы  көбінесе оларды сапалы оқыту мен тәжірибелік дайындыққа байланысты. 

     Іс жүзінде әрбір өрт түтінмен сипатталады. Тыныс алуға жарамсыз ортада қойылған мақсатты орындау үшін газ-түтіннен қорғаушылар тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын қолдана білу керек. Тыныс алуға жарамсыз ортада берілген тапсырманы орындау үшін газ-түтіннен қорғаушылар түрлі ауыр жұмыстар атқарады, эвакуациялау кезінде өрттен адамдар мен материалдық заттарды алып шығу оңай емес. Жедел-тактикалық жағдайда өрттің алдын-алу қиынға соғады. Уақыттың тапшылығына байланысты өрт сөндіруші дұрыс шешім қабылдауы керек. Жылу-түтін камерасындағы іс жүзінде дұрыс ұйымдастырылған дайындық нәтижесінде өрт сөндірушілердің іс-әректтері табысты және қауіпсіз болады.

Өрт сөндіру бөлімдері басшы құрамының біліктілігін және тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруда кәсіби шеберлігінің деңгейін арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан жылу-түтін камерасында  сабақ  өткізіліп, сынақ қабылдануда. 26-31 наурыз аралығында жалпы 434 газ-түтіннен қорғаушыдан сынақ қабылданатын болады. Бүгінгі күні оның 302 сынақ  тапсырды.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің қоғаммен байланыс тобы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика