2024-09-22

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ағымдағы жылдың мамыр айында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ж.Кәрімбаевтің төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға департаменттің жеке құрам қатысып, қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын алу мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Б.Искаков және Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры Д. Халыков және Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің эконономика және құқық кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты З.Тултабаев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында полковник Ж.Кәрімбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру, идеологиялық жоспарларын орындау аясында азаматтық қорғау органдарының имиджін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Департамент тарыпынан жүргізілген жұмыстарды жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Б.Искаков сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялар тарту процесі мен демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндіктен еліміздің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретіндігін. Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкіметімен, мемлекеттік органдарымен, азаматтық қоғам институтарымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің эконономика және құқық кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты З.Тултабаев сыбайлас жемқорлық — біздің заманымыздың ең қауіпті әлеуметтік індеттерінің біріне айналды. Оның себептері әлеуметтік және ұлттық дамудың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, институционалдық және басқа да сипаттамаларына негізделген. Жаһандану жағдайында көптеген елдер ұлттық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше мән береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның әртүрлі көріністері мен таралу ауқымына қарай жүйелі сипатта болуға және қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтуға тиіс делінген. Сыбайлас жемқорлық биліктің беделіне нұқсан келтіреді, бұл азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейінің сөзсіз төмендеуіне әкеледі. Мемлекеттік билік өкілдеріне деген құрмет біртіндеп қабылданатын шешімдердің әділдігі және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың бейтараптығы туралы қоғамдық пікір негізінде қалыптасады.

Нақты немесе күдікті болсын, парақорлық туралы бір ғана іс шенеуніктің беделіне түзетілмейтін зиян келтіруі және тұтастай алғанда мемлекет билігінің беделіне түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамдық қатынастардың түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесін қамтиды, олардың бір бөлігі мемлекеттік билік органдары тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар болып табылады.

        Департаменттің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және салдарын жоюға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жеткізіп, дөңгелек үстелдің қатысушыларымен талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар тәртіпті сақтау мәселелеріне назар аударуды күшейтіп, Департамент қызметкерлерінің барлық деңгейдегі жұмыстарында сыбайлас жемқорлықты болдырмауды қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Бекзат ҚАМБАРОВ

Шымкент қаласы ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика