2024-09-20

ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ «БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ» ҚАҒИДАТЫ

Бүгінде Шымқаланың Әл-Фараби ауданында «БІР ҮЙ — БІР БІРЛЕСТІК — БІР ШОТ» қағидаты кеңінен насихатталып жүр. Бұл жүйенің ерекшелігі: көпқабатты үйде тұратын азаматтардың уақытын үнемдеуге, тек өздеріне қажетті ғана құрылысты жүргізуге, ең бастысы, өз қаражатын өздері маңызды деп есептеген бағытта жұмсауға мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасы «Осыған орай, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) (ОСИ и ПТ) құру бойынша жол картасы және медиа жоспар бекітіліп, ауданда тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатыр» деп ақпарат бөліскен.

Айта кету керек, аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 598-і, яғни 89% Әділет басқармасында кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Мәселен, бүгінгі таңға дейін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 214 жиналыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 10 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелген. Сондай-ақ, 26 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды. Ал, 47 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

С.Дүйсебайұлы

Яндекс.Метрика